Арыстағы төтенше жағдайлар салдарынан 20 жолаушылар пойызы тоқтатылды

Астана. 25 маусым. ҚазТАГ – Арыстағы төтенше жағдайлар салдарынан 20 жолаушылар пойызы тоқтатылды, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.
«Жедел штаб құрылып, арнайы режимде жұмыс істеуде. 7 ірі стансада- Шымкент, Түркістан, Түлкібас, Тараз, Шу, Шиелі, Қызылода да 20 жолаушылар пойызы тоқтатылып, 8 121 жолаушыға жағдай жасалды. Олар вокзал кешендеріне көшіріліп, ауыз су, тамақпен қамтамасыз етілді», - делінген Түркістан облысы Арыс қаласындағы болған төтенше оқиғаға байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ы «Шымкент – Арыс – Темір» және «Сарыағаш – Арыс – Шымкент» жол торабындағы жолаушылардың қауіпсіздігі үшін атқарылған шаралар туралы хабарында
Сонымен қатар, жолаушылардың талабы бойынша жол жүру ақысы қайтарылады.
«Аталмыш барша вокзалдарда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, керекті ақпарат таратылуда. Үнемі БАҚ-та, вокзалдарда, соның ішінде қатты дауыстап айту арқылы да жолаушылар хабардар етілуде, пойщыдарда түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», - делінген хабарда.
Хабарда айтылғандай, Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыс Әкімдіктерімен біріге отырып қала маңына автокөлікпен 1500 жолаушы тасымалданды. Сондай-ақ, Түркістан –Маңғыстау, Ақтөбе, Саратов және Шымкент-Тараз, Алматы бағыттары бойынша жүретін 2000 жолаушы автокөлікпен Түркістан пен Шымкент арасында тасымалданды.
«Және де Қызылорда –Сексеуіл арасында №42 Атырау-Алматы пойызының 430 жолаушысын жеткізу үшін 14 вагон қосымша тіркелді (5 купе, 7 пл, 1 СВ).
Жалпы Тараз, Шымкент, Түркістан арасында 8 мыңнан астам жолаушы автокөлікпен тасымалданды.
Ұлттық тасымалдаушы өз жолаушыларына түсінушілікпен қарағанын жеткізеді. Барша керекті ақпаратты 105 бірыңғай анықтама қызметінен ала аласыздар», - делінген хабарда.
Еске салсақ, бұған дейін хабарланғандай, сағат 9.20-да өрт сөндіру қызметінің тетігіне Түркістан облысы Арыс қаласында №44856 әскери бөлімнің аумағындағы қоймада жарылыс болғаны туралы хабар келіп түскен. Қорғаныс министрлігінде нақтылағандай, қоймадағы жарылысқа өрттің шығуы себеп болған. Қорғаныс министрлігінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ деп мәлімдеді, ал оқиға орнына арнайы құрылған комиссия жіберілген. Сонымен қатар Арысқа Қазақстан қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев келді.
Аталмыш дерек бойынша Шымкенттегі ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы ҚР ҚК 462б.1б. (қару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауiп төндіретін заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық істі тіркеді. Жағдай ішкі істер органының бақылауында.
Сондай-ақ, Түркістан облысының әкімдігінде әкімдік жанынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін «Түркістан» корпоративті әлеуметтік даму қорының құрылғанын айтты.
ҚР ІІМ ақпарынша, ТЖ салдарынан екі адам қаза тапқан – біреуі әскери қызметкер, біреуі Арыс тұрғыны, зардап шегушілердің екеуі жан сақтау бөлімінде жатыр, 34-і ауруханада, 12-сіне медициналық көмек көрсетілді, ауруханаға жатқызылған жоқ. Ол атап өткендей, снарядтардың ұшуынан әскери бөлім қоймасындағы өртті сөндіру қиындап отыр. Сонымен қатар, ол нақтылағандай, қаланың өзінде 23 өрт сөндіру есебі жұмыс жасап жатыр, олар 19 тұрғын үйдегі, тоғыз шаруашылық жайдағы, 14 қала маңындағы өртті сөндірген.
ІІМ ақпарынша, қаладан шамамен 41 мың халық эвакуацияланған, периметрі бойынша блокбекеттер қойылған, себебі үйлерге зақым келуде, сондай-ақ, жарылмаған снарядтар да бар, қалаға кіруге тыйым салынған, кіретін және шығатын көліктер тексерілуде.
.

adimage