Арыстағы жарылыс салдарынан онға жуық адам зардап шекті, үшеуінің жағдайы ауыр

Алматы. 24 маусым. ҚазТАГ – Арыстағы жарылыс салдарынан онға жуық адам зардап шекті, үшеуінің жағдайы ауыр, деп хабарлады Otyrar.
«Қазір ауыр жағдайда үш адам жатыр, зардап шеккендердің барлық саны онға жуық. (…) Адамдар келіп түсуде, оларды қабылдап жатырмыз және шұғыл түрде көмек көрсетілуде. Біз зардап шеккендерді қабылдауға дайынбыз», - деді дүйсенбі күні Шымкенттің жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының бас дәрігері Абылай Донбай.
Хабарда атап өтілгендей, бұған дейін қорғаныс министрлігі қаза тапқандар мен зардап шеккендердің жоғын мәлімдеген болатын.
Еске салсақ, бұған дейін хабарланғандай, сағат 9.20-да өрт сөндіру қызметінің тетігіне Түркістан облысы Арыс қаласында №44856 әскери бөлімнің аумағындағы қоймада жарылыс болғаны туралы хабар келіп түскен. Қорғаныс министрлігінде нақтылағандай, қоймадағы жарылысқа өрттің шығуы себеп болған. Қорғаныс министрлігінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ деп мәлімдеді, ал оқиға орнына арнайы құрылған комиссия жіберілген. Сонымен қатар Арысқа Қзаақстан қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев келді.
Соңғы ақпар бойынша, оқиға орнында өрт сөндіру және эвакуациялық жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, зардап шеккенер анықталуда. Облыс әкімінің басшылығымен жұмыс тобы құрылған
Арыс қаласы әкімінің өкімімен халықты Арыстан 50 шақырым жердегі Монтайтас ауылдық округіне эвакуациялау жүргізіліп жатыр. Бұл үшін 20 автобус жұмылдырылды. Сонымен қатар халықты көшіру үшін Шымкент қаласының әкімдігі 36 автобус жіберді. Шымкент қаласында 15 эвакуациялау бекеті құрылды.
Елдің әр түрлі өңірінде жарылысқа байланысты жергілікті ТЖД-де қауырт желі ашылған.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ Шымкент–Арыс–Тимур учаскесіндегі жолаушылар пойызының кешіктіріліп жатқанын хабарлаған еді.

adimage