Астана.9 маусым.ҚазТАГ- Астанада полиция командирі мен прокуратураның бұрынғы қызметкері қамауға алынды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
«Астана қаласы полиция департаменті жол-патрульдік қызметінің рота командиріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Лауазымды тұлға азаматтық іс бойынша оң шешім шығару үшін прокуратура жанындағы материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бұрынғы қызметкері "Ж" есімді азамат арқылы сот жүйесінің қызметкерлеріне ірі мөлшерде пара беруге жәрдемдесті деген күдікке ілінді. 8 маусымда тергеу сотының санкциясымен аталған адамдар қамауға алынды»,- делінген жұма күнгі хабарламада.
"Ж" есімді азамат прокуратурада әкімшілік лауазым атқарған, жедел қызметкер болмаған. Қылмыс жасау кезінде жұмыссыз болған.
Астанада полиция командирі мен прокуратураның бұрынғы қызметкері қамауға алынды
