Астанада шетелдік жеке қаражат есебінен жел электр станциясын салу жоспарланып отыр

   Астана. 23 қыркүйек. ҚазТАГ – Астанада шетелдік жеке қаражат есебінен жел электр станциясын салу жоспарланып отыр, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметі.
«Астанада шетелдік жеке қаражат есебінен жел электр станциясын (ЖЭС) салу жоспарланып отыр. Бұл мәселе Италияның ENI мұнай-газ компаниясымен ("Arm Wind" ЖШС), Қазақстан энергетика министрлігі өкілдерімен бірлесе пысықталып жатыр»,- деп хабарлады елорда әкімі Алтай Көлгінов.
Оның айтуынша, жел электр станциясының қуаты бірінші кезеңде 50 МВт болады, ал одан әрі 100 МВт-тан аса ұлғайтуға мүмкіндігі бар. Тартылатын шетелдік жеке инвестициялар сомасы 50 млрд теңгеге жуықтайды.

adimage