Атқыш қарулардың құрастырушысы Михаил Калашников қайтыс болды


Алматы. 24 желтоқсан. ҚазТАГ – Ижевскіде өмірінің 95 жасында атқыш қарулардың құрастырушысы Михаил Калашников қайтыс болды, деп хабарлады lenta.ru.

«Өмірінің 95 жасында кеңестік және ресейлык атқыш қарулардың құрастырушысы Михаил Тимофеевич Калашников (…) қайтыс болды. Қайтыс болуының нақты себебі жан сақтау бөлімінде жатқан науқас қайтыс болғанда міндетті түрде денесіне жасалатын тексеруден кейін белгілі болады», -делінген хабарда.

Удмуртия өкіметінде хабарлағандай, республика мәйітті жерлеу рәсімін ұйымдастыруды өз міндетіне алған.

Портал дерегінше, 17 қарашадан бері М.Калашников республиканың клинико-диагностикалық орталығының жан сақтау бөлімінде жатқан, ол ауруханаға асқазанында қан кетуіне байланысты жатқызылған. Құрастырушының ұлы Виктор сол кезде 10 қарашада аталып өтетін туған күнге деген толқудан әкесінің денсаулығының нашарлағанын айтқан болатын.

М.Калашников 1947 жылы өз атымен аталған автоматты құрастырып шықты. Нәтижесінде ол автомат бірнеше рет жаңартылды, әлем бойынша жалпы 70 млн –дан астам автомат құрастырылған. Қазіргі таңда ол автоматты әлемнің 50-ден астам елінің қорғаныс күштері қолданады. Автоматтан басқа М.Калашников аңшылық мылтық пен пулеметтерді де құрастырды.

М.Калашников екі мәрте социалистік еңбек батыры атағын, ал 2009 жылы Ресей Федерациясының батыры атағын алды. Бұдан басқа құрастырушы Ленин және мемлекеттік премия лауреаты болып табылады, сондай-ақ ол Ленин орденімен үш рет, Октябрь революциясы, Еңбек Қызыл Ту, ІІ дәрежелі «Отан алдындағы еңбегі үшін» ордендерімен, Әулие апостол Андрей Первозванный орденімен  және басқа да наградалармен марапатталған.


adimage