Қатты жел Павлодар облысы Баянауыл ұлттық саябағындағы өртті сөндіруді қиындатты

Павлодар. 18 шілде. ҚазТАГ - Қатты жел Павлодар облысы Баянауыл ұлттық табиғи саябағындағы өртті сөндіруді қиындатты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Кеше (17 шілде – ҚазТАГ) дауылды жел жағдайды қиындатты, өрт қайтадан №73, №83 учаскелерде тұтана бастады, №63 учаскенің кей жерлерінен шықты. Бүгін таңертеңнен бері жел болып тұрды, қазір басылды. Бүгін өрт бақылауда, әзірге от болып жанып жатқан жоқ, аумаққа су төгу жұмыстары жүргізілуде», - деп мәлімдеді бейсенбіде аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас инспекторы Саят Қабдиев.
Сондай-ақ, ол хабарлағандай, кеше Баянауыл ауданына ҚР ішкі істер министрлігінің (ІІМ) төтенше жағдайлар комитетінің 10 мың текше метр су сиятын МИ-26 ұшып келді.
«Бір күнде ол 30 рет су бүрікті. Онымен бірге қосымша МИ-8 жұмыс жасады. Бүгін тек Eurocopter бақылаушы тік ұшағы ғана жұмыс жасап жүр, ол өрт шыққан аумақты бақылауда. Бүгін тік ұшақтан су бүркуге қажеттілік жоқ, су жер үсті техникасымен шашылуда. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - деді Қабдиев.
Павлодар облысы ТЖ департаментінің (ТЖД) ақпарынша, өрт шыққан жерде және ТЖД жағдайлық залында жедел штаб құрылған.
Еске салсақ, 17 шілдеде хабарланғандай, Павлодар облысы Баянауыл ұлттық саябағындағы 14 шілдеде шыққан өрт үшінші тәулік сөндірілуде.

adimage