Атырау облыстық перзентханасының қызметкерлері: бізге жұмыс жасауға мұрсат беріңіздер

Атырау. 8 қазан. ҚазТАГ - Атырау облыстық перинаталдық орталығының қызметкерлері шағымданды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«(…) Біз де адамбыз, біздің де отбасымыз бар. Жұмысымыздан бөлек, біз түсінік беруге барамыз, жұмыстар әлі жалғасып жатыр. (…) Алайда БАҚ жұмысы, осы брифингтің жұмысы, барлық жағымсыз комментарийлердің салдары біздің бүгін (жұмыстан шығу туралы – ҚазТАГ) арыз жазуымызға алып келді, сондықтан біз арыз жазып отырмыз. Олардың кінәлі екенін, кінәсіз екенін біз айта алмаймыз, сот шешімі шықпайынша ешкім де айта алмайды. Бірақ бізге, халайық, Біз – осы облыстық перинаталдық орталықта жұмыс жасайтындар – біз бүкіл облысқа жұмыс жасаймыз, бұл ауруханаға облыстың түкпір-түкпірінен келіп түседі. Біз темірден жасалған жоқпыз, сондықтан біз барлық БАҚ-ты және бізді тыңдайтындардың барлығын бізге түсіністікпен қарауға шақырамыз. 31 адамның бір мезетте арыздануының себебі осы, және біз арызымызда нақты осы себепті көрсеттік, себебі ұжымдағы тұрақсыздық әлі күнге дейін жалғасуда», - деп мәлім етті периналдық орталықтың гинекологиялық бөлімінің меңгерушісі міндетін уақытша атқарушы Бақыт Шоқабаева.
Өз кезегінде Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Серікжан Ерментаев жағдайға түсінік берді.
«Бүгінгі таңда облыстық перинаталдық орталықтың 31 қызметкері жұмыстан шығуға арыз берген. Олармен денсаулық сақтау басқармасы, министрлік өкілдері мен кәсіподақ ұйымдарының өкілдері жұмыс жүргізуде. Олар жергілікті жерде жұмыстарын жалғастыруда. Біз дәрігерлермен диалог орнату үшін барлығын жасаймыз. Олардың әрқайсысы күн сайын адам өмірі үшін арпалысатын баға жатпес мамандар», - деп түсіндірді Ерментаев.
Бұған дейін белгілі болғандай, Атырау облыстық перинаталдық орталық дәрігерлері жаңа туылған шақалақты өлтірді деген күдікке ілінген еді. 4 қазанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінен хабарлағандай, жаңа туылған сәби дәрігерлердің немқұрайлығынан өлі туылды деп рәсімделген, бірақ ол тірі болған. Бала жыбырлаған кезде, сыбайлас жемқорлық қызметкерлерінің айтуынша, оны аман алып қалу шараларын шұғыл түрде қолданудың орнына дәрігерлер толтырылған құжатқа сәйкес әрекет етуді дұрыс санап, нәрестені тоңазытқышта қалдырған.
Бір күн бұрын – 3 қазанда белгілі болғандай, «Атырау облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ РМК басшысына қатысты Атырау облысы сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған. Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Белгілі болғандай, екі ай ішінде Атырау перзентханасында 40-тан астам шақалақ шетінеп кеткен.
Еске салсақ, 6 тамызда ҚазТАГ ХАА Атырау облысы прокуратурасына сілтеме жасай отырып, 2019 жылдың басынан бастап Атырау облыстық перинаталдық орталығында туа сала шетінеп кеткен 56 бала тіркелген. 9 қаңтарда агенттік 2018 жылы сол перзентханада 100-ден астам шақалақ шетінегенін айтқан еді.
7 қазанда жағдайға түсінік берген Біртанов бір жылда 2,5 мыңдай сәби өлімі тіркелгенін мәлімдеді. Бүгінгі таңда 2200 жағдай. Өлім жағдайының көптігі Көкшетау, Қызылорда және Алматы облыстарында тіркелген. Бұл облыстардағы көрсеткіш Атыраудан екі есе жоғары», - деді дүйсенбіде үкімет кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген Біртанов.

adimage