Атырау облысы әкімінің орынбасары пара алғаны үшін 7 жылға сотталды

Атырау. 13 тамыз. ҚазТАГ - Атырау облысы әкімінің орынбасары пара алғаны үшін 7 жылға сотталды, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.  
«Атырау облысы Мақат аудандық соты Мақат ауданы әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты үкім шығарды. Жақсылық Мүсепов ҚР ҚК 366 б. 3б. 1,2 тармақтар бойынша (алдын-ала сөз байласу арқылы топ адамдар болып бопсалау жолымен пара алу) кінәлі деп танылды.  Ол қауіпсіздік деңгейі орташа бас бостандығынан айыру мекемесіне 7 жылға сотталды», - деді Атырау облыстық сотынан.  
Сонымен қатар, аудандық құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы Құралбек Адамбаев ҚР ҚК 366 бабы бойынша кінәлі деп танылды. Оған параның 70 есе көлемінде, яғни Т35 млн айыппұл салынды.  
Еске салсақ, 2018 жылдың басында Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаментінің қызметкерлері аталмыш шенеуніктерді ұстаған болатын. Оларға құрылыс мердігерінен Т500 мың көлемінде пара алды деген айып тағылған.  

adimage