Атырау облысында мұнай өнімдеріне ұқсас сұйықтық төгілген

   Атырау.25 қараша.ҚазТАГ- Атырау облысында мұнай өнімдеріне ұқсас сұйықтық төгілген, деп хабарлайды At press.
   «Ақпаратты тексеру үшін мұнай төгілді деп болжанған жерге Сүйіндік ауылының әкімі, учаскелік полиция мен сол видеоны таратқан жергілікті тұрғын келген. Нәтижесінде Батырбек ауылынан 8-9 шақырым қашықтықтықта (Смарт Ойл" ЖШС барлау-бұрғылау жұмыстарын жүргізіп жатқан жер) шамамен 50 шаршы метр жерге мұнай өнімдеріне ұқсайтын күңгірт түсті сұйықтықтың төгілгені анықталған»,-деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
24 қараша күні әлеуметтік желілер арқылы Құрманғазы ауданы, Сүйіндік ауылдық округіне қарасты "Ыдырыс" қыстауының маңында мұнай өнімдеріне ұқсас сұйықтықтың төгілгені көрсетілген видео тарай бастады.
   Оқиға 25 қараша күні полиция бөлімінде тіркелді. "Смарт Ойл" ЖШС 2022 жылдың тамыз айынан бастап, барлау-бұрғылау жұмыстарын жүргізіп келеді.

adimage