Атырау облысындағы біріктірілген газ-химия кешенінің жобасы 66%-ға аяқталды

Aлматы. 1 маусым. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. 2020 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Атырау облысындағы біріктірілген газ-химия кешені жобасының жалпы қарқыны 66%-ға аяқталған, деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ.
«Қазіргі кезде жобаның дайындығы 66%-ды құрайды. Жалпы құрылыс жұмыстары аяқталып қалды. Сыйымдылық және жылу алмастыру жабдығының, металл конструкциялардың және құбырлардың монтажы жүргізілуде», - делінген дүйсенбідегі ҚМГ хабарында.
Алдағы кезеңде күрделі технологиялық жабдықтың құбырларын жинақтау, монтаждау және бекіту жұмыстарын бастау жоспарланып отыр.
Еске салсақ, кешенді салып жатқан «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС 2008 жылы құрылған және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялар тобына кіреді, бірақ «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ сенімді басқаруына берілген. Кешен құрылысын аяқтау 2021 жылы жоспарлануда. Жоба жылына 500 мыңға дейін пропилен шығаруға мүмкіндік береді.

adimage