Атырауда қоғамдық көліктерге трекерлер орнатылады

Атырау. 11 сәуір. ҚазТАГ - Атырауда қоғамдық көліктерге трекерлер орнатылады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Жолаушылар көлігіне трекерлер (жылдамдықты арттырған сәтте дабыл белгісін қосу – ҚазТАГ) орнату керек. Біз қазір тасымалдаушы-компанияларды субсидиялауды жоспарлап жатырмыз, мұны бақылауға алу керек. Жоғары жылдамдық 60 км/сағ аспауы тиіс. Біз тасымалдаушылар алдына қызметті сапалы ұсыну және қауіпсіздікті сақтау міндетін қоямыз», - деді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ведомствоаралық комиссия отырысында.
Оның айтуынша, облыс орталығының көшелерімен қоғамдық көлік жүргізушілерінің бір-бірімен жарысу деректері азаймай отыр.
«Оны тасымалдаушы-кәсіпорын басшылары секілді жол полициясы қызметкерлері де қадағалауы керек. Жолаушылар тасымалында қазіргі таңда 90 жаңа автобус  қызмет көрсетеді, тағы 30-ы балансқа алынғаннан кейін шығуға дайын. Оған қоса тағы 100 автобус сатып алу жоспарда бар. Мұның барлығы жолаушылар тасымалы сапасын жақсарту мақсатында жасалып жатыр», - деп атап өтті Ноғаев.
Бұған дейін Атырау әкімдігінде мәлімдегендей, жыл сайын тасымалдаушыларды субсидиялау үшін жергілікті бюджет жылына Т50 млн бөлуді жоспарлауда.

adimage