Атырауда тегін медициналық қызметке бөлінген Т16,8 млн соманы жымқырған күдікті 7,5 жылға сотталды

Атырау. 22 қаңтар. ҚазТАГ – Атырауда тегін медициналық қызметке бөлінген Т16,8 млн соманы жымқырған күдікті 7,5 жылға сотталды, деп хабарлады қаржы министрлігінің қаржылай мониторинг комитетінің баспасөз қызметінен.
«ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Атырау қаласында екі кәсіпорынның директорына қатысты ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлімі 2-тармағы бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады. (...)2020 жылдың 4 желтоқсанында Атырау қаласы №2 сотының үкімімен аталған азаматша кінәлі деп танылып, оған қатысты 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру, медициналық мекемелер мен денсаулық сақтау ұйымдарында басшылық лауазымдарды атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыру жазасы тағайындалды», - делінген жұмада таратылған хабарда.
ҚМК нақтылағандай, компаниялардың басшысы қызмет бабын пайдалана отырып, «Денсаулық» - «Тегін медициналық қызмет көрсету» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Атырау облысы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-на бюджеттен бөлінген 16,8 млн. теңгеден астам қаражатын жымқырған.
«Келтірілен залал Атырау облысының Сот сараптамасы институтының қорытындысымен расталды. Келтірілген залалдың соммасы өтелмегендіктен, күдікті тұлғаның мүлкіне тоқтам салынды», - деді комитетте.

adimage