Қайтыс болған бала үйде жеке бала күтушінің қарауында болған – Ақтау білім бөлімі

Алматы. 9 қараша. ҚазТАГ – Ақтау білім бөлімінің ақпарынша, қайтыс болған бала үйде жеке бала күтушінің қарауында болған, деп хабарлады «Лада».
«Ол әйел бірнеше ата-ананың өтініші бойынша балаларды баққан. Сол күні, 6 желтоқсанда ол одан бөлек тағы екі баланы қарап отырған», - деп хабарлады шенеуніктер.
Олар бала күтуші әйелдің пәтерінің жеке балабақша ретінде тіркелмегенін анықтады.
Еске салсақ, 8 желтоқсанда Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде Ақтаудағы жеке балабақшада бір жасар баланың қайтыс болғанын хабарлаған еді. Баланың неден қайтыс болғаны әзір белгісіз. Тергеу басталды.

adimage