Қазақстанға Қытайдан келген дәрігерлерден ұшақта сынамалар алынды – денсаулықмині

Астана. 10 сәуір. ҚазТАГ – Махамбет Әбжан. Қазақстанға Қытайдан келген дәрігерлерден ұшақта сынамалар алынды, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова.
«Ұшақ келгеннен кейін (Қытайдан – ҚазТАГ) бізідң медициналық қызметкерлер, лобаранттар қытайлық әріптестерімізден ұшақтың ішінде сынамалар алды», - деді Ембергенова жұма күні ОКҚ –де Қытайдан келген дәрігерлер коронавирусқа тексерілді ме деген сұраққа берген жауабында.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны жүздеген мыңнан асса, қайтыс болғандар ондаған мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген. 28 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин шаралары күшейтілді. 3 сәуірде мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы жұмыссыз режимді 6 сәуірден 13 сәуірге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұдан басқа карантин режимі Шымкентте 4 сәуір сағат 21.00-ден бастап енгізілді. 6 сәуірде Тоқаев екі отандық ғылыми институттың ұжымын коронавирусты анықтауға арналған өзіміздің диагностикалық тест-жүйемізді ойлап табуларымен құттықтады
Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 802 жағдайы тіркеліп, 63-і жазылып, тоғыз адам көз жұмды.
10 сәуірде Қазақстанда ТЖ режимі 30 сәуірге дейін ұзартылды.

adimage