Қазақстан аумағының басым бөлігінде алдағы үш тәулікте жауын-шашын және қатты аяз күтілуде

Астана. 6 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстан аумағының басым бөлігінде алдағы үш тәулікте жауын-шашын және қатты аяз күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігіне Жерорта теңізі аудандарынан циклон әсер етеді, сонымен жаяу бұрқасын мен қар күтіледі, 09 ақпанда шығыста қатты қар жауады, оңтүстікте және оңтүстік-батыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, 09 ақпанда қатты жауын-шашын болады», - делінген 7-8 ақпанға арналған дүйсенбі күні таратылған ауа райы болжамында.
Елдің батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында көктайғақ күтіледі.
«Еуропа аудандарының антициклоны әсерінен ауа температурасының түнде батыста және шығыста 13-21 градусқа дейін, солтүстікте 20-28-ге дейін, орталықта 15-26 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі; күндіз батыста 7-12-ге дейін, солтүстікте 15-20-ға дейін, шығыста және орталықта 10-18 аязға дейін төмендеуі күтіледі», - деп нақтылады синоптиктер.

adimage