Қазақстан бойынша алдағы демалыс күндеріне ауа райы болжамы ұсынылды

Астана. 29 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан бойынша алдағы демалыс күндеріне ауа райы болжамы ұсынылды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Алдағы демалыс күндеріндегі ауа райын әдеттегідей Сібір антициклоны анықтайды. Сондықтан, республиканың басым облыстарында ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен төмен және жауын-шашынсыз болады. Ауа райының қауіпті құбылыстарынан бұрынғыдай түнгі және таңғы уақыттарда 50...500 м дейін анық көрінбейтін тұман түседі», - делінген жұмада таратылған 30 қараша – 2 желтоқсан аралығына арналған ауа райы болжамында.
Синоптиктердің айтуынша, тек батыста және дүйсенбі күні Қазақстанның оңтүстігінде атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын жауады және көктайғақ күтіледі.

adimage