Қазақстан денсаулық көрсеткіші бойынша 150 елдің ішінде 95-орында – сенатор

Астана. 21 қазан. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. Қазақстан денсаулық көрсеткіші бойынша 150 елдің ішінде 95-орында, деп мәлім етті ҚР парламенті сенатының депутаты Серік Бектұрғанов.
«Бір сөзбен айтқанда, аз дүние жасалған жоқ, алайда 2019 жылы Давос экономикалық форумының жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде денсаулық көрсеткші бойынша Қазақстан 95 –орында, ал жалпы рейтингте біздің ел 140 елдің арасында 55-орында тұр», - деді дүйсенбі күні Бектұрғанов үкімет сағаты барысында. Ол атап өткендей, аталмыш дерек азаматтардың жиі жүгінетін проблемаларының көрінісі болып отырса керек.
«Оларды жоспарлы түрде ауруханаға жатуды ұзақ күту, маман дәрігерге қаралудың қиындығы, жекелеген дәрігерлердің кәсіби еместігі және басқа да көптеген жағдайлар алаңдатады», - деді сенатор.

adimage