Қазақстан ЕАЭО азаматтарының кредит тарихына қатысты мәліметтерді алмасу тәртібі туралы келісімді ратификациялады

    Астана.5 маусым.ҚазТАГ- Қазақстан ЕАЭО азаматтарының кредит тарихына қатысты мәліметтерді алмасу тәртібі туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
   «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кредит тарихының құрамына кіретін мәліметтерді алмасу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды»,- деп хабарлады дүйсенбі күні Ақорда.
   Келісім Еуразиялық экономикалық одақ аясында кредит тарихы туралы ақпаратпен трансшекаралық алмасуға жағдай жасайды.
Құжат несиелік есептерді трансшекаралық алмасу тәртібін және берілетін мәлімет тізбесін анықтайды. Мұндай ақпаратқа несиелік есеп беру туралы сұрау салу, несиелік тарих субъектісінің келісімі, несиелік есептің өзі, сондай-ақ кредит тарихындағы даулауға байланысты құжаттар жатады.

adimage