Қазақстан экспорттан 13,5 мың тонна көп балық өнімін импорттайды

Атырау. 27 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстан экспорттан 13,5 мың тонна көп балық өнімін импорттайды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның балық және балық өнімдері нарығының жалпы көлемі шамамен 66 мың тоннаны құрайды, оның 45 мың тоннасы балық аулау кәсібіне, 7,4 мың тоннасы балық шаруашылығына тиесілі. Сонымен қатар 30 мың тоннасы экспортқа шығарылса, 43,5 мың тонна өнім импортталады», - делінген премьер-министр Асқар Маминнің Атырау облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша жарияланған хабарда.
Үкімет болжамы бойынша, орта мерзімді перспективада отандық нарық көлемін 120 мың тоннаға дейін ұлғайту әлеуеті бар, бұл алабалық пен Атлант ақсеркесін өсуінің арқасында импорт көлемін төмендетуге мүмкіндік береді, сонымен қоса әлемдік нарықтарға, атап айтқанда, Қытайға, Ресейге және Еуропаға экспорт көлемін арттырады.
«ҚР-да кәсіпшілік балық аулаумен балық шаруашылығының 1 мыңнан астам субъектісі айналысады, оларға 1646 балық шаруашылығы су айдындары мен олардың учаскелері бекітілген. Аталған салада 11 мың адам жұмыс істейді. Балық аулау негізінен Каспий және Арал теңіздерінде, Балқаш және Зайсан көлдерінде, Бұқтырма, Қапшағай және Шардара су қоймаларында, Алакөл көлдер жүйесінде, Жайық және Қиғаш өзендерінде қолға алынған. Негізгі кәсіптік өңірлер — Атырау – 13,1 мың тонна (29,2%), Шығыс Қазақстан – 8,2 мың тонна (18,3%), Қызылорда – 7,4 мың тонна (16,4%), Алматы – 6,6 мың тонна (14,6%), Маңғыстау – 2,3 мың тонна (5,2%) және Түркістан облыстары – 2 мың тонна (4,5%)», - деді министрлер кабинетінен.
Хабарда атап өтілгендей, Қазақстанда балық шаруашылығы қарқынды дамуда — соңғы 7 жылда өсірілген балық көлемі 9 есе 800 тоннадан 7 мың тоннаға дейін артты. Елімізде балық өсірумен 180 балық шаруашылығы айналысады, оларда 1 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылған.

adimage