Қазақстан ізгілік көмек көрсету ретінде Ливанға ақшалай қаражат жіберуді жоспарлап отыр

Астана. 23 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстан ізгілік көмек көрсету ретінде Ливанға ақшалай қаражат жіберуді жоспарлап отыр, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне Ливан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 2020 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің айырбастау күнгі ресми бағамы бойынша 100 000 (жүз мың) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлсін», - делінген үкімет қаулысының жобасында.
Құжатты әзірлеушілер Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия отырысының 2020 жылғы 16 қыркүйектегі хаттамасына сілтеме жасаған.

adimage