Қазақстан командасы Ташкентте велоспорттан азия чемпионатында алтын және күміс медаль жеңіп алды

Астана. 23 сәуір. ҚазТАГ - Қазақстан командасы Ташкентте велоспорттан Азия чемпионатында алтын және күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметінен.
«Өзбекстан астанасы Ташкентте велоспорттан Азия чемпионаты басталып, Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. Командалық жарыста біздің құрама спортшылары чемпион атанды. Жарыс жолына Қазақстан сапынан төмендегі спортшылар шықты:Юрий Натаров, Артем Захаров, Дмитрий Груздев, Евгений Гидич, Жандос Бижігітов және Даниил Фоминых. Ерлер арасындағы сында күміс жүлдені Оңтүстік Корея, қола медальді Гонконг командалары жеңіп алған», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Сондай-ақ, Қазақстан қыздар командасы құрлық додасының күміс жүлдегері атанды.
«Қазақстан намысын Наталья Сайфутдинова, Амилия Искакова, Фаина Потапова, Махаббат Үмітжанова, Виктория Пастарнак және Жанерке Санақбаева қорғады. Қыздарымыз Оңтүстік Кореяға есе жіберіп, Гонконг спортшыларынан озып кетті», - делінген хабарда.

adimage