Қазақстан мен Германия терроризммен күрес жөніндегі келісімге қол қоюға дайындалуда

Астана. 7 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстан мен Германия терроризммен күрес жөніндегі келісімге қол қоюға дайындалуда, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Ұсынылып отырған ұйымдасқан қылмыспен, терроризммен және қылмыстың басқа да қауіпті түрлерімен күресте ынтымақтастық туралы ҚР үкіметі мен ГФР үкіметі арасындағы келісім жобасы мақұлдансын. ҚР ҰҚК төрағасы Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы ҚР үкіметінің атынан ұйымдасқан қылмыспен, терроризммен және қылмыстың басқа да қауіпті түрлерімен күресте ынтымақтастық туралы ҚР үкіметі мен ГФР үкіметі арасындағы келісім жобасына қол қойсын және түбегейлі сипатқа ие емес өзгертулер мен толықтырулар енгізуге рұқсат етілсін», - делінген сәрсенбіде таратылған қаулы жобасында.
Бұл ретте келісім жобасы мәтінінің өзін құжатты әзірлеуші болып табылатын Қазақстанның ішкі істер министрлігі де ұсынған жоқ.
ІІМ басшысы Ерлан Тұрғұмбаев автор болып табылатын түсіндірме жазбадан белгілі болғандай, «германдық тараппен алдын-ала келісім бар».
Министрлер кабинетінің қаулы жобасы 21 тамызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.

adimage