Қазақстан мен Колумбия қызметтік және дипломатиялық паспорт иелері үшін визасыз режим енгізді

Астана. 9 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстан мен Колумбия қызметтік және дипломатиялық паспорт иелері үшін визасыз режим енгізді, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Колумбия астанасында екі елдің Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі Қазақстан-Колумбия СІМ-аралық саяси консультациясының кезекті раунды өтті. (…) Келіссөздердің қорытындылары бойынша екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының өкілдері дипломатиялық және қызметтік паспортқа ие азаматтарды визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды, бұл азаматтардың қысқа мерзімді сапарлары үшін екі ел арасындағы өзара түсіністік негізіндегі визалық режим жеңілдіктерін толықтырды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Қазақстандық тараптан келісімге сыртқы істер вице-министрі Ержан Ашықбаев қол қойды.
Еске алсақ, 17 қазанда ҚазТАГ ХАА агенттігінің тілшісі Қазақстан мен Колумбияның қызметтік және дипломатиялық паспорттары барлар үшін «визасыз» режимін енгізуге дайындалып жатыр деп хабарлаған еді. Хабарда атап өтілгендей, ҚР СІМ дипломатиялық, ресми және қызметтік паспорт иелерін визалық талаптан босату туралы Қазақстан үкіметінің Колумбия билігімен келісім жобасын дайындап жатқан.

adimage