Қазақстан қорғаныс вице-министрі Бақыт Құрманбаев коронавирустен қайтыс болды

Астана. 14 шілде. ҚазТАГ – Қазақстан қорғаныс вице-министрі Бақыт Құрманбаев коронавирустен қайтыс болды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«2020 жылдың 14 шілдесі күні Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Бақыт Жанұзақұлы Құрманбаев дүниеден озды», - делінген сейсенбідегі қорғаныс министрлігінің хабарында.
Редакцияға белгілі болғандай, оның өліміне коронавирус себеп болған.
2019 жылғы сәуір айында генерал-майор Құрманбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды. 2017 жылдың қазанынан бастап 2019 жылдың сәуіріне дейін Қазақстанның қауіпсіздік кеңесінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі, 2010 жылдан бастап 2017 жылға дейін ҚР ҚМ бастығының орынбасары, департамент бастығы қызметтерін атқарған.
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамы мен әскери қызметшілері генерал-майор Бақыт Жанұзақұлы Құрманбаевтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», - делінген хабарда.

adimage