Қазақстан парламенті республикалық референдум туралы заңды қарауды бастады

Астана. 4 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстан парламенті республикалық референдум туралы заңды қарауды бастады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Мәжіліс «Республикалық референдум туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» ҚР Конституциялық заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мәселесі сәрсенбі күні мәжіліс отырысында қаралып, шешім қабылданды.
Еске салсақ, Колнституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы кеңес Ақордада 22 сәуірде болған еді. Негізгі заңға жер, адам құқығы және басқа бірқатар мәселелер бойынша өзгерістер енгізіледі деп күтілуде.

adimage