Қазақстан премьер-министрінің кеңсесі басшысының орынбасары тағайындалды

Астана. 7 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан премьер-министрінің кеңсесі басшысының орынбасары тағайындалды, деп хабарлады минкабинетінің баспасөз қызметінен.
«ҚР Премьер-Министрінің Өкімімен Асқар Серікжанұлы Жәкенов ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Жәкенов 2004 жылғы наурыздан бастап 2012 жылғы ақпанған дейін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып еңбек етті. 2012 жылдың ақпан айынан 2013 жылдың шілдесіне дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2013 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

adimage