Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталық нарықта тегістеу шараларын жүргізу құқығын сақтайды

Астана. 26 наурыз ҚазТАГ - Қазақстан Ұлттық банкі валюталық нарықта тегістеу шараларын жүргізу құқығын сақтайды, деп хабарлайды қаржы реттегішінің баспасөз қызметі.
«Қазақстан Ұлттық Банкі теңге бағамының динамикасының болжамдылығын арттыру міндетін қойып отыр. Валюта саудасына араласпау саясатын ұстап тұру барысында Қазақстан Ұлттық Банкі тегістеу шараларын жүргізуге құқылы», - деп хабарлады сейсенбіде үкіметтің отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев.
Оның айтуынша, шетел валютасын сатып алу немесе сату жөніндегі жоспарланған операциялар туралы ақпараттың тұрақтылығы мен ашықтығы валюта нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
«Валюталық тәуекелдерді хеджирлеудің маңызды құралы ретінде туынды қаржы құралдарын нарыққа шығару бойынша шаралар қабылданатын болады», - деп қосты Досаев.
Естеріңізге сала кетейік, бұрын Ұлттық банк 2019 жылға макроэкономикалық саясат бойынша шараларды үйлестіру туралы келісімге қол қоюды жоспарлап отырғаны туралы хабарлады.

adimage