Қазақстан сәуірде мұнай өндірісін тәулігіне 300 мың баррельге дейін қысқартады

Алматы. 18 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстан сәуірде Қашаған және Теңіз ірі кен орындарындағы жоспарлы жөндеу жұмыстары салдарынан мұнай өндірісін тәулігіне бұған дейін жоспарланғандай 200 мыңға емес, 300 мың баррельге дейін қысқартады, деп хабарлады ТАСС-қа республиканың энергоминінің басшысы Қанат Бозымбаев.
«Біз бүгінде 130 мыңға (баррель тәулігіне ) дейін қысқарттық. Бүгін саудтық министр күшейтетіндерін айтты. Міне бізде де сәуірде одан да жоғары болады - минус 300 мыңға шығамыз», - деді Бозымбаев.
Қазақстан 2019 жылдың қаңтар, ақпанында мұнай өндірісін қысқарту бойынша ОПЕК+ келісімі аясында өзіне алған міндеттемелерін аздаған ауытқушылықпен орындады. Келісім аясында ел жалпы мұнай өндірісін тәулігіне 40 мың баррельге дейін қысқартуы керек еді.
2018 жылы Қазақстан мұнай өндірісі бойынша рекорд жасап 90,3 млн т өндірді, 2019 жылы одан 1 млн т. кем өндіруді жоспарлауда.
Қашаған – Қазақстандағы ірі мұнай-газ кен орны, өнеркәсіптік пайдалануға 2016 жылдың күзінде берілді. Кен орнының қоры 4,65 млрд т, немесе 36,6 млрд мұнай баррелі деп бағалануда, оның 11 млрд баррелі өндірілетін болып саналады. Бұған дейін хабарланғандай, жобаның бірінші фазасы жылына 16-17 млн тонна өндіруді қарастырады, келесі фазаларды іске қосқанда өндіріс көлемі 60-70 млн тоннаны құрайды.

adimage