Қазақстан Женевада экспортқа арналған $275 млн соманың тауарлар тізімін ұсынды

Астана. 26 қазан. ҚазТАГ- Қазақстан Женевада экспортқа арналған $275 млн соманың тауарлар тізімін ұсынды, деп хабарлады ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.
«Біз өзіміздің өндірістік мүмкіндіктеріміз бен әлемдік сауда нарығын талдадық. Жалпы $13,4 млрд астам сомаға экспортты арттыруға болатын барынша әлеуетті 16-дан астам саланы анықтадық», - деп түсіндірді Сұлтанов дүйсенбі күні ОКҚ брифингінде.
Ол нақтылағандай, әр ел үшін тауарлардың өз тізімдері жасалған.
«Мәселен, кешегіде Женевада мен $275 млн сомаға 40 тауардан тұратын тізімді таныстырдым. Оларды Қазақстан Швейцария нарығына қосымша жеткізе алар еді. Ол мұнай-химия, тамақ өнеркәсібі, машина құрылысы, металлургия және құрылыс тауарлары», - деп атап өтті министр.

adimage