Қазақстан жолдарының екі бөлігінде ауа райының қолайсыздығынан жол жабылды

Астана. 6 ақпан. ҚазТАГ - Қазақстан жолдарының екі бөлігінде ауа райының қолайсыздығынан жол жабылды, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен. 

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар келесі екі автожолда көлік қозғалысы тоқтатылды: «Екатеринбург - Алматы» жолының 835-917 шақырымында (СҚО Чистополье – Ақмола облысы аралығы) және «Тимирязев - Сарыкөл - Қостанай облысы» тасжолының 0-31 шақырымында (Тимирязев - Қостанай облысы) көлік жүруіне тыйым салынған», - деп хабарлады сәрсенбі күні ұлттық компания баспасөз қызметінің басшысы   Маржан Ордабай.

Ол атап өткендей, бүкіл республика бойынша  736 дана техника жұмыс жасап жатыр.

«Күтпеген жағдай туындаса Сіздер 1403 нөміріндегі байланыс орталығына хабарласа аласыздар», - деді Ордабай. 

adimage