Қазақстан Журналистер одағын түбектегі бейбітшілікті қамтамасыз етудегі БАҚ рөлін талқылау үшін Оңтүстік Кореяға шақырды

Күні: 18:21, 10-04-2019.

Алматы. 10 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан Журналистер одағын Корей түбегіндегі бейбітшілікті қамтамасыз етудегі БАҚ рөлін талқылау үшін Оңтүстік Кореяға шақырды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Оңтүстік Кореяда Журналистердің дүниежүзілік конференциясы өтті, конференция жұмысына 40 мемлекеттің өкілі қатысты, оның ішінде Германия, АҚШ, Франция, көптеген басқа да еуропалық және азиялық елдер бар. ТМД-дан: Қазақстан (ҚЖО), Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей мен Грузия бар. Тақырыбы – «Корей түбегінде бейбітшілікті қамтамасыз тудегі журналистердің рөлі», - деп хабарлады ҚазТАГ ХАА тілшісі.
БАҚ өкілдері осы проблеманы талқылауға қатысты, себебі бұл мәселе бүкіл әлемді алаңдатып отыр.
«Менің пікірімше, Германияның Die Welt газетінің репортері Тереза Пфуетцердің сөйлеген сөзі қызықты болды. Ол журналистердің Корей түбегінде бейбітшілік орната алмайтынын, оның саясаткерлердің, мемлекеттік қайраткерлер мен дипломаттардың міндеті екенін тілге тиек етті. Және аталмыш өңірдегі «бейбітшілік» нені білдіреді? Солтүстік Кореядағы реформа немесе бұл ядролық қарусыз ел ме? Әр түрлі саяси және экономикалық жүйелері бар, бірақ шекаралары жоқ екі мемлекеттің қосылуы ма? Корей түбегінің аумағы шамамен Ұлыбританияға тең өлшемге ие, алайда ол бүкіл әлем қазір түсінуге тырысып жатқан қарама-қайшылыққа толы», - деді Қазақстан Журналистер одағының жауапты хатшысы Баян Рамазанова.
Қазақстанан барған делегат егер Оңтүстік Корея экономикалық гүлдену, мәдени көптүрлілік дегенді білдірсе, онда Солтүстік Корея ядролық қауіп, адам құқығының бұзылуы түсініктерінің синонимі болып отырғанын атап өтті.
«Екі ел және бір халық туралы айтқанда Пфуетцер өз елін – Германияны мысалға келтірді. ГДР мен ГФР бірігуі 40 жыл бұрын орын алған, бірақ халқы әлі күнге дейін бір-бірі туралы: «мыналар - Батыстан, мыналар – Шығыстан» деп атайды. Мемлекеттің техникалық бірігуі жылдам болды, ал ментальды түрде – әлі күнге дейін жалғасып отыр. Достық, отбасылық және туыстық қатынастары адамдардың тағдырына қатты ықпал етті. Сондықтан, егер бүгінде Корей түбегінде бейбітшілік орнаса, онда өзара түсіністік үшін көп күш пен ерікті қалау керек», - деп атап өтті ҚЖО жауапты хатшысы.
Германиядан келген репортер тағы да бір маңызды тақырыпқа тоқталды. Бұл - журналистердің этикасы мен жауапкершілігі мәселесі. Ол қауырсынды серік еткен әріптестеріне деректерді іріктеуде, жаңалық таратуда, тақырыптар мен болжамдарды, әсіресе мемлекетаралық проблемалар, ядролық қару және тағы басқа тақырыптарда аса сақтық танытуға шақырды. Мәселен, егер бір мемлекеттің басшысы екіншісін ядролық қарумен қорқытса немесе басқа да ашу танытса, бұл сенсация үшін ғана осындай қорқытуларды газет тақырыбы етіп алуға себеп емес, немесе сап түзеп жүріп келе жатқан әскерді көрсетіп, соғыс туралы жариялауға да болмайды
«Әдейі жасалған арандатушылықтар БАҚ пен қоғамның назарын аудару үшін жасалады, және журналистер Германияда, Түркияда, АҚШ-та немесе басқа елде болмасын бедел құмар саясаткерлерге көмектеспеулері керек», - деді Рамазанова.
Корей түбегіндегі жағдай туралы өз ойын Индонезияның Журналистер қауымдастығының Этика жөніндегі кеңесінің мүшесі Тегу Сантоз да білдірді. Ол Солтүстік Кореяда алғаш рет 2003 жылы болған. Ол кезде «Терроризммен күрес» кез келген редакцияда басты ұран болатын. Көптеген достары оны Пхеньянға барудан бас тартқызғысы келген, ондағы жағдай Ирактағыдай шығар деп қорыққан олар. Алайда Сантоза бәрібір Солтүсік Кореяға келіп, ондағы кең көшелерді, жылы жүзді адамдарды көріп таң қалған.
«Бүгінде біз Ким Чен Иннің АҚШ президенті Дональд Трамппен екі рет кездескенінің куәсі болдық», - деп атап өтті Сантоза.
Жазбаша келісімдерінің жоғына қарамастан журналист қанағаттанарлық нәтиже болатынына сенімділігін білдірді.
«Барлық қоғамдастық, соның ішінде журналистер де, Корей түбегінде бейбітшілік орнауы үшін шыдамдылық танытулары керек. Репортер кез келген әлемдік қақтығыс драмалық толқулармен аяқталады деп болжам жасайды, бірақ олай емес. Әр қақтығыстың өз динамикасы мен уақыты бар, ал журналистің міндеті әлемдік өркениетке қауіп төндіретін жаңа соғысты тұтату емес. Журналистің жұмысы - жалпы көріністі бере отырып, барынша жарқын, сындарлы болашақты болжау», - деді конференция тақырыбына түсінік берген Қазақстаннан барған делегат Рамазанова.
Дүниежүзілік конференцияны ұйымдастырушылар – Корея Республикасының журналистер қауымдастығы – қызықты және әр түрлі бағдарлама дайындаған: сегіз қалаға баспасөз туры, экскурсиялар, қалалар мэрлерімен кездесу, тіпті арал арқылы экстремалды түсу де ұйымдастырылған. Бұл туралы келесі материалда.


Жаңалықтармен бөлісу: