Қазақстанда 2,4 млн оқушы интернет бойынша қашықтықтан оқуда – БҒМ

Алматы. 6 сәуір. ҚазТАГ – Махамбет Әбжан. Қазақстанда 2,4 млн оқушы интернет бойынша қашықтықтан оқуда, деді ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
«Кейбір балалар интернет бағдарламалар бойынша сабақтарын бастады. Басқалары ТВ бағдарламалары бойынша оқуда. Интернет-платформалар бойынша. (…) Жалпы интернет арқылы қашықтықтан 2,4 млн оқушы оқып жатыр», - деді Аймағамбетов ОКҚ-де дүйсенбіде.
1 сәуірде Қазақстанның Интернет – Қауымдастығының президенті Шавкат Сабиров Қазақстанда төтенше жағдайдың енгізілуіне орай 6 сәуірде қазақстандық балалардың онлайн оқуға өтетіні туралы түсінік бере келе, Қазақстандағы интернет желілердің онлайн оқытуға дайын екенін, алайда ақырғы абоненттер мен білім және ғылым министрлігінің дайын емес екенін, оның үстіне ол үшін оқушылардың да тиісті техникамен жабдықталуы керектігін айтқан еді. Сарапшы сол кезде Zoom қосымшасын қолдану бойынша да қауіптерімен бөлісті. Ол Zoom қосымшасының бір мезетте сонша көп баланың бейнеағынын өңдей алмауы мүмкін екенін айтты. 2 сәуірде Zoom-да алаяқтар үшін әлсіз жерлерінің анықталғаны белгілі болды. 3 сәуірде БҒМ стриминг сервис құралдарымен онлайн оқытудан бас тартуды шешті – білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бүкіл ел көлемінде оқытудың мұндай тәсілін мүмкін емес және тиімсіз екенін айтты.
3 сәуірде ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық мектептердің онлайн оқытудан бас тартқандарын жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны жүздеген мыңнан асса, қайтыс болғандар ондаған мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
Сондай-ақ, коронавирус Венгриядағы қазақстандықтан да табылды.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін Мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген. 28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда және Шымкентте карантин шаралары күшейтілді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 629 жағдайы тіркеліп, 45-і жазылып, алты адам көз жұмған еді.

adimage