Қазақстанда 20-21 сәуірде COVID-19 бен пневмонияны 3 мыңнан астам адам жұқтырды

Күні: 09:24, 22-04-2021.

Астана. 22 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанда 20-21 сәуірде COVID-19 (КВИ+) және коронавирусты инфекция белгілері бар пневмонияны (КВИ-) 3 мыңнан астам адам жұқтырды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«2020 жылдың 13 наурызы мен 2021 жылдың 21 сәуірі аралығында КВИ+: ауруға шалдығу – 297 839 (өткен тәулікте 2893), адам өлімі – 3483 (20 сәуірде 24); 2020 жылғы 1 тамыз 2021 жылғы 21 сәуір аралығында КВИ-: ауруға шалдығу – 52 148 (20 сәуірде 123), адам өлімі – 761 (20 сәуірде 4 адам)», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Денсаулық сақтауминінің ақпарынша, Қазақстанда қазіргі таңда КВИ-ден 39 318 адам емделіп жатыр (38 859–КВИ+ және 474 КВИ-), оның ішінде стационарларда 14 034 науқас жатыр, амбулаторлық деңгейде – 25 825 науқас жатыр.
«КВИ+ және КВИ- дертімен ауырып жатқандар арасында жағдайы ауыры – 679, өте ауыр халде жатқаны – 181, ӨЖЖ аппаратына қосылғаны (өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғаны – ҚазТАГ) – 100», - делінген хабарда.
Қазақстанда ресми ақпар бойынша коронавирустен 254 971 адам жазылып шыққан.
Денсаулықминінің ақпарынша, КВИ-ге қарсы вакцинаны 796 383 адам алған.


Жаңалықтармен бөлісу: