Қазақстанда 2018 жылы өнеркәсіп бағасы 12% астам өсті

Астана. 10 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстанда 2018 жылы өнеркәсіп бағасы 12% астам өсті, деп хабарлады ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінен.
«2018 жылы (2018 жылғы желтоқсан 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда) инфляция 5,3%-ды құрады. Баға қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіпте 12,4%, ауыл шаруашылығы өніміне - 7,8%, көтерме саудада – 5,6%, құрылыста – 3,9%-ға өсті. Барлық көлік түрлерімен жүк тасымалдау тарифтері 31,1%, заңды тұлғаларға көрсетілген байланыс – 11,2%, пошталық және курьерлік қызметтер – 4,5%-ға жоғарылады», - деп хабарлады бейсенбіде ҰЭМ-нен.
2018 жылғы тұтынушылық бағалар 6% өсті, Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағасы –19%, Өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді сатып алу бағалары –10,5%, құрылыс бағалары – 4,9%, ауыл шаруашылық өнімін өндірушілер бағасы – 2,8%. Сонымен қатар, барлық көлік түрлерімен жүк тасымалдау тарифтері 18,5%, заңды тұлғаларға көрсетілген почталық және курьерлік қызметтер тарифтері 3,4% өсті және заңды тұлғаларға көрсетілген байланыс қызметтер тарифтері 0,7% өсті. Көтерме сауда бағасы 2018 жылы 6,6% өсті

adimage