Қазақстанда 22 мамырдан бастап жолаушылар пойызы қозғалысының кестесі өзгереді

Астана. 24 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанда 22 мамырдан бастап жолаушылар пойызы қозғалысының кестесі өзгереді, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.
«Жолаушылар пойызы қозғалысы кестесінің жиі түзетілуіне орай 2019 жылдың 22 мамырынан бастап жолаушылар пойызының кестесі өзгерді», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Баспасөз қызметінде нақтылағандай, тасымалдаушының атына келіп түскен көптеген өтініштерден кейін Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің көлік комитетінің және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің келісімімен №375/376 «Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол - Риддер» пойызының кестесін өзгерту жұмыстары жүргізілді.
«22 мамырдан бастап бұл құрам «Семей - Шар - Өскемен» (бұрын «Семей - Локоть - Өскемен» арқылы қатынайтын) арқылы жүретін болады. Сонымен қатар 22 мамырдан № 086 «Нұр-Сұлтан - Сарыағаш» бағытындағы пойыздың кестесі өзгереді. Енді бұл құрам «Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол» теміржол вокзалынан қатынайды»,- делінген хабарда.

adimage