Қазақстанда аңшы инспекторлардың қызметтік көлігін жыпылдауықпен жабдықтау келісілді

Астана. 6 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанда аңшы инспекторлардың қызметтік көлігін жыпылдауықпен жабдықтау келісілді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«ІІМ ормандар мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі меминспекторлардың қызметтік көлігін түстік және дыбыстық белгілермен және құқыққорғау және арнайы органның қызметтік көліктері секілді нақты бір түстік схемалармен жабдықтау құқығын ұсыну мәселесі келісілді. Қазіргі таңда заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілуде», - деп хабарлады сәрсенбіде Қазақстанның ІІМ баспасөз қызметінен.
Хабарда атап өтілгендей, жануарлар және өсімдіктер әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға қызметтік қару (иір ойықты тапанша, карабин немесе тегіс ұңғылы қару) ұстау құқығы беріледі.
«Қазіргі таңда меминспекторларда 9922 бірлік қызметтік қару бар (иір ойықты – 9323, соның ішінде 7281 тапанша), оның ішінде «Охотзоопром» РМҚК – 162 бірлік (иір ойықты – 131, соның ішінде 61 тапанша)», - деді ІІМ.

adimage