Қазақстанда қаңтар-наурызда қысқа мерзімді экономикалық индикатор 4,7% -ға өсті

Астана. 16 сәуір. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Қазақстанда 2024 жылдың қаңтар-наурызында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2023 жылмен салыстырғанда 4,7%-ға өсті, деп хабарлады ҚР стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросынан.
«2024 жылдың қаңтар-наурызында 2023 жылдың қаңтар-наурызына қарағанда қысқамерзімді экономикалық индикатор 104,7% құрады»,- деп хабарлады сейсенбі күні статистика мамандары.
Статистикалық ақпарға сәйкес, 2024 жылдың қаңтар-наурызында бірқатар өңірлерде қысқармерзімді экономикалық индикатор өскен, бірақ Маңғыстауда (97,1%), Атырауда (98,2%), Жамбыл облысында (99,7%) өсімнің теріс қарқыны қалыптасқан.
Ал Ақтөбе облысында (113,7%) және Жетісу облысында (113,4%) жоғары өсім көрсеткен.

adimage