Қазақстанда Абайдың 175 жылдығы атап өтілуде

Алматы. 10 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстан қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын атап өтуде, деп хабарлады егенттік тілшісі.
Абайдың 175 жылдығына дайындықты бастауды ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың мамырында тапсырған еді.
Президент жарлығына сәйкес, 2019 жылдың мамырында «2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейде мерекелеуді қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) 2019 жылғы 1 шілдеге дейін 2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын (бұдан әрі – Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы) дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды».
Сондай-ақ Тоқаев: 2019 жылғы 1 қазанға дейін Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспарды бекітуге; Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейін кешенді жаңғырту жөнінде қажетті шаралар қабылдауға; 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізуге; Абай Құнанбайұлының еңбектерін кең таралған негізгі шет тілдеріне сапалы аударуды жүзеге асыру, басып шығару және халықаралық ілгерілету жөнінде қажетті шаралар қабылдауға; Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын Біріккен Ұлттардың Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) мен Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ) аясында мерекелеуді ұйымдастыру жөніндегі мәселені пысықтауға қаулы етті.
Бұдан басқа, Тоқаев Абай мерейтойымен байланысты бірқатар тапсырма берді.
Атап өтелік, Қазақстанда 2020 жылдың наурызында коронавирус пандемиясы салдарынан барлық қоғамдық шаралар кейінге қалдырылған.
Абай Құнанбаев 1845 жылы 10 тамызда дүниеге келген. 2020 жылы Қазақстан 175 жылдығын атап өтуде – ұлы ақынның мерейтойы мемлекеттік деңгейде атап өтілуде.
Еске салсақ, 5 тамызда хабарланғандай, ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың туған күні – 10 тамыз – Қазақстанда ресми түрде мереке болып қабылданды.
Абайдың туған күнін Қазақстандағы мерекелік күндер тізіміне енгізу дайындалып жатқаны туралы ҚазТАГ ХАА 26 маусымда хабарлаған еді.

adimage