Қазақстанда алдағы үш күнде салқын ауа райы күтіледі

Астана. 20 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстанда алдағы үш күнде салқын ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронтальді жүйелермен батыста, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр жауады, елдің солтүстігі мен шығысында екпінді желмен аздаған жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі.
Ауа температурасының негізгі аясы батыста түнде 3-17, күндіз 12-28 жылу, солтүстік-батыста түнде 0-7 жылу, 3 градус аяз, күндіз 8-23 жылу, солтүстікте түнде 0-5 жылу, 3 градус аяз, күндіз 6-11 жылу, орталықта және облыстың шығысында түнде 0-5 жылу, аяз 3 градус, күндіз 6-16 жылу, оңтүстік және оңтүстік-шығыста ауа температурасы түнде 4-15, күндіз 17-28 жылу», - делінген 21-23 қыркүйекке арналған ауа райы болжамында.

adimage