Қазақстанда алдағы үш тәулікте қатты жаңбыр күтілуде

Астана. 1 шілде. ҚазТАГ- Қазақстанда алдағы үш тәулікте қатты жаңбыр күтілуде, деп хабарлайды «Казгидромет» РМК баспасөз қызметі.

«Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне кең ауқымды циклон әсер етеді, сонымен байланысты жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі. Еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында және орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде»,- делінген дүйсенбі күнгі хабарламада.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы күндіз солтүстік-батыста +28+35°С дейін, солтүстікте +20+28°С дейін, орталықта +22+33°С дейін, оңтүстік-шығыста +27+36°С дейін, оңтүстікте +33+38°С дейін біртіндеп жоғарылауы күтілуде. Еліміздің батысында +35+42°С дейін қатты ыстық күтіледі.

Фото көзі: unsplash.com


adimage