Қазақстанда COVID-19 белгісі бар пневмониядан қаза тапқандар саны 355-ке жетті

Астана. 1 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанда COVID-19 белгісі бар пневмониядан қаза тапқандар саны 355-ке жетті, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«COVID-19 белгісі бар пневмониядан ауырғандар бойынша 2020 жылдың 1 қазанына арналған дерек. Өткен тәулікте 179 жағдай тіркелді, екі адам көз жұмды. Бір тәулікте 73 адам жазылды», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, 1 тамыздан бері: ауырғандар - 32 978, қайтыс болғандар - 355, жазылғандар – 27 242 адам.

adimage