Қазақстанда COVID-19 бен КВИ белгілері бар пневмонияны 2-3 тамызда 7990 адам жұқтырды

Астана. 4 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстанда COVID-19 (КВИ+) және коронавирусты инфекция белгілері бар пневмонияны (КВИ-) 2-3 тамызда 7990 адам жұқтырды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«2020 жылдың 13 наурызы мен 2021 жылдың 3 тамызы аралығында КВИ+: ауруға шалдығу – 602 652 (өткен тәулікте 7519), адам өлімі – 6277 (2 тамызда 124); 2020 жылдың 13 наурызы мен 2021 жылдың 2 тамыз аралығында КВИ-: ауруға шалдығу – 61 772 (2 тамызда 471), адам өлімі – 3781 (2 тамызда 25 адам)», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Денсаулық сақтауминінің ақпарынша, Қазақстанда қазіргі таңда КВИ-ден 103 986 адам емделіп жатыр (103 986– КВИ+ және 3030 КВИ-), оның ішінде стационарларда 29 325 науқас жатыр, амбулаторлық деңгейде – 77 691 науқас жатыр.
«КВИ+ және КВИ- дертімен ауырып жатқандар арасында жағдайы ауыры – 1786, өте ауыр халде жатқаны – 412, ӨЖЖ аппаратына қосылғаны (өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғаны – ҚазТАГ) – 209», - делінген хабарда.
Қазақстанда ресми ақпар бойынша коронавирустен 492 689 адам жазылып шыққан.
Коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші құрамын денсаулықминінің ақпарынша, 5 530 789 адам, екінші құрамын 4 084 463 адам алған.

adimage