Қазақстанда COVID-19 бен КВИ белгілері бар пневмонияны бір тәулікте 1311 адам жұқтырды

Астана. 21 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстанда COVID-19 (КВИ+) және коронавирусты инфекция белгілері бар пневмонияны (КВИ-) бір тәулікте 1311 адам жұқтырды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«2020 жылдың 13 наурызы мен 2021 жылдың 21 қаңтары аралығында КВИ+: ауруға шалдығу – 172 412 (өткен тәулікте 1180), адам өлімі – 2446 (өткен тәулікте 15); 2020 жылдың 1 тамызы мен 2021 жылдың 21 қаңтары аралығында КВИ-: ауруға шалдығу – 47 115 (өткен тәулікте 131), адам өлімі – 547 (өткен тәулікте 2 адам)», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Денсаулық сақтауминінің ақпарынша, Қазақстанда қазіргі таңда КВИ-ден 25 088 адам емделіп жатыр (13 445 – КВИ+ және 11 643 КВИ-), оның ішінде стационарларда 6737 науқас жатыр, амбулаторлық деңгейде – 18 351 науқас жатыр.
«КВИ+ және КВИ- дертімен ауырып жатқандар арасында жағдайы ауыры – 299, өте ауыр халде жатқаны – 57, ӨЖЖ аппаратына қосылғаны (өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғаны – ҚазТАГ) – 41», - делінген хабарда.
Қазақстанда ресми ақпар бойынша коронавирустен 156 521 адам жазылып шыққан.

adimage