Қазақстанда COVID-19 бен пневмониядан қаза тапқандар саны 1265 мыңнан асты

Астана. 27 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанда COVID-19 (КВИ+) және коронавирусты инфекция белгілері бар пневмонияны (КВИ-) 25-26 қазанда 1738 адам жұқтырды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«2020 жылдың 13 наурызы мен 2021 жылдың 26 қазаны аралығында КВИ+: ауруға шалдығу – 932 688 (өткен тәулікте 1551), адам өлімі – 12 001 (25 қазанда 26); 2020 жылдың 13 наурызы мен 2021 жылдың 25 қазаны аралығында КВИ-: ауруға шалдығу – 78 968 (25 қазанда 187), адам өлімі – 5020 (25 қазанда 4 адам)», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Денсаулық сақтауминінің ақпарынша, Қазақстанда қазіргі таңда КВИ-ден 49 938 адам емделіп жатыр (43 988– КВИ+ және 5 950 КВИ-), оның ішінде стационарларда 8584 науқас жатыр, амбулаторлық деңгейде – 41 354 науқас жатыр.
«КВИ+ және КВИ- дертімен ауырып жатқандар арасында жағдайы ауыры – 628, өте ауыр халде жатқаны – 130, ӨЖЖ аппаратына қосылғаны (өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғаны – ҚазТАГ) – 101», - делінген хабарда.
Қазақстанда ресми ақпар бойынша коронавирустен 876 699 адам жазылып шыққан.
Коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші құрамын денсаулықминінің ақпарынша, 8 212 313 адам алған, екінші құрамын – 7 393 113.

adimage