Қазақстанда карантинді жеңілдететін немесе күшейтетін жағдайлар белгілі болды

Астана. 3 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстанда карантинді жеңілдететін немесе күшейтетін жағдайлар белгілі болды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Карантинді ұзарту туралы қабылданған шаралардың қатаң сараланатынын түсіну өте маңызды. Біз үшін ауру өсімінің немесе оның төмендегенінің динамикасы маңызды. Қазір екі апта бойы біз күн сайын мәліметтерге мониторинг жасаймыз. Егер аурудың төмендегенін байқасақ, онда біз карантин шараларын біртіндеп төмендетеміз. Егер динамикадағы көрсеткіштер нашарласа, онда басқа шаралар қолданылады», - деді дүйсенбідегі брифингте денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
Қазіргі таңда оның айтуынша, «көрсеткіштердің оң динамикасы бойынша қарқын бар».

adimage