Қазақстанда Конституцияға түзетулер енгізу бойынша референдум өтіп жатыр

Күні: 17:09, 05-06-2022.

Астана. 5 маусым. ҚазТАГ – Қазақстанда Конституцияға түзетулер енгізу бойынша референдум өтіп жатыр, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Референдум өтетін ресми уақыт барлық сайлау учаскелері үшін жергілікті сағат бойынша 7.00-20.00 аралығы.
Қазақстаннан басқа 52 шет мемлекетте сайлау учаскелері жұмыс жасап жатыр.
Еске салсақ, 5 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Республикалық референдум туралы» заңға түзетулерге қол қойды. Сол күні ол 5 маусымды Конституцияға түзетулер енгізу жөнінде референдум өткізетін күн деп белгіледі.
Референдумға шығарылатын Қазақстан Конституциясына енгізілетін түзетулер мәтінімен ҚазТАГ агенттігінің сайтында таныса аласыз.


Жаңалықтармен бөлісу: