Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 8,5 мыңнан асты

Астана. 25 мамыр. ҚазТАГ - Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 8,5 мыңнан асты, деп хабарлады ҚР-дағы COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
«Коронавирусты инфекцияны жұқтырудың 209 жаңа дерегі тіркелді (өсу қарқыны 2,5%). (…) Сонымен елімізде 8531 жағдай расталып отыр», - делінген дүйсенбіде таратылған 24 мамырдағы Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы хабарда.
Шұғыл штаб ақпарынша, коронавирусты инфекцияны жұқтырудың жаңа 209 дерегі келесі өңірлерде тіркелген:
- Жамбыл облысында – 33 (өсу қарқыны 12,7%),
- Батыс Қазақстан облысында – 28 (7,3%),
- Шығыс Қазақстан облысында – 4 (6,5%),
- Қарағанды облысында – 33 (5,9%),
- Павлодар облысында – 10 (5,6%),
- Ақтөбе облысында – 6 (2,2%),
- Қызылорда облысында – 6 (2,1%),
- Нұр-Сұлтанда – 32 (2%),
- Алматыда – 37 (1,7%),
- Қостанай облысында – 2 (1,7%),
- Атырау облысында – 12 (1,4%),
- Алматы облысында – 4 (1,4%),
- Ақмола облысында – 1 (0,7%),
- Маңғыстау облысында – 1 (0,6%).

adimage