Қазақстанда коронавирустен 5 мыңнан астам адам жазылды

Астана. 29 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстанда коронавирустен 5 мыңнан астам адам жазылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«КВИ-ден 111 адам жазылды: Нұр-Сұлтан қаласы – 17, Алматы қаласы – 45, Шымкент қаласы – төрт, Атырау облысы – 15, Қарағанды облысы – төрт, Ақтөбе облысы – үш, Қостанай облысы – екі, Шығыс Қазақстан облысы – екі, Батыс Қазақстан облысы – 12, Маңғыстау облысы – жеті. Сонымен Қазақстанда барлығы – 5011 адам жазылды», - делінген жұмадағы ресми хабарда.
Соңғы ақпар бойынша Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 9932 адам, 37 адам қайтыс болған.

adimage