Қазақстанда коронавирустың белгілері бар пневмониядан адам өлімі 350-ге жетті

Алматы. 28 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстанда коронавирустың белгілері бар пневмониядан адам өлімі 350-ге жетті, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы белгісі бар пневмонияны 38 адам жұқтырған, бір адам көз жұмған және 21 адам жазылып шыққан», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, 1 тамыздан бастап тіркелгені: ауырғандар – 32 490, қайтыс болғандар - 350, жазылғандар – 27 057.

adimage