Қазақстанда коронавирусты инфекция белгісі бар пневмониядан көз жұмғандар саны 164-ке жетті

Астана. 10 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстанда коронавирусты инфекция белгісі бар пневмониядан көз жұмғандар саны 164-ке жетті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 159 жағдайы және 12 өлім жағдайы тіркелді. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 13280, 164 өлім жағдайы тіркелді», - делінген coronavirus2020.kz сайтындағы 2020 жылғы 10 тамызда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпаратта.
Еске салсақ, 9 тамыздағы ақпар бойынша Қазақстанда 99 442 адам коронавирусты инфекцияны жұқтырған, 72 523-і жазылып шыққан, 1058-і көз жұмған.

adimage